AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
AAPL
148.79 $
-0.16 %
TSLA
756.99 $
0.15 %
NDAQ
195.43 $
-0.21 %
GOOGL
2872.2 $
-0.57 %
FB
373.06 $
-0.23 %
FRHC
60.86 $
-0.31 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үй қамауында ұстау мерзімі 2021 жылдың 14 шілдесіне дейін ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біртанов

"ҚР ҚІЖК-нің 55, 56, 151, 152-баптарын басшылыққа ала отырып, сот мынаны қаулы етті: Елжан Амантайұлы Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 2021 жылғы 14 маусымнан бастап 14 шілдені қоса алғанда 9 айға ұзартылсын. Күдіктінің қорғаушылары мен адвокаттарының өтініші қанағаттандырусыз қалдырылсын", – деді тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева.

8 маусымдағы сот отырысында прокурор Елжан Біртановқа қатысты отбасы мүшелерінен басқа барлық адамдармен кездесуге шектеу қоюды, телефон арқылы сөйлесуге, "күдіктінің бірқатар бұзушылықтарына" байланысты тұрғын үйден шығуына тыйым салуды сұрады.

Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысы бұған жауап қатып, оған бұл іске қатысы жоқ адамдармен кездесуге, телефонмен сөйлесуге және электронды қосымшаларды қолдануға рұқсат берілгенін мәлімдеді. Сонымен қатар Біртанов жұмысқа баруы үшін жүріп-тұруға рұқсат сұрады. Қазір ол жеке компанияда жалдамалы директор болып жұмыс істейді.

Бұған дейін Нұр-Cұлтанның әкімшілік соты экс-министр Елжан Біртановтың адвокаттары сұраған құжаттарды ұсынбағаны үшін денсаулық сақтау министрлігіне айыппұл салғанын хабарлаған едік.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр