Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот экс-министр Біртановтың ісі бойынша денсаулық сақтау министрлігіне айыппұл салды

Нұр-Cұлтанның әкімшілік соты экс-министр Елжан Біртановтың адвокаттары сұраған құжаттарды ұсынбағаны үшін денсаулық сақтау министрлігіне айыппұл салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

8 маусымда Нұр-Сұлтан соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзартуды қарастыруда.

Отырыс барысында адвокат Серік Сағалиев денсаулық сақтау министрлігі Біртановтың кінәсіздігі туралы дәлелдер жинау кезінде кедергі келтіргенін айтты.

“Осылайша, министрлік денсаулық сақтау министрлігіне жіберілген адвокаттық сұрауларға жауап бермеді, ал кейіннен платформа заттай дәлелдеме деп танылғанына сілтеме жасай отырып, жауап беруден бас тартты. Ал қорғаушы платформаның өзін немесе оған кіруді сұраған жоқ, толыққанды қорғауды жүзеге асыруға қажетті құжаттардың көшірмесін сұрады", – деді ол.

Оның айтуынша, адвокаттар бұған шыдамай, адвокаттың қызметіне тосқауыл қою фактісі туралы өтінішпен әділет департаментіне жүгінген. Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты хаттама жасалып, әкімшілік сотқа жіберілді.

“2021 жылғы 7 маусымдағы қарау нәтижелері бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты оларды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және 40 812 теңге мөлшерінде айыппұл салды. Осылайша, дәлелдемелер жинауда кедергі келтіру фактісі әкімшілік соттың қаулысымен анықталды”, – деп қосты Сағалиев.

Талқылау