Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық блогер аязды күні құстарға қамқор болуға шақырады (видео)

Youtube желісінде өз блогын жүргізетін Астана тұрғыны аяз күндері адамдарды аз да болса құстарға мейірімді болуға шақырды.

«Қыс келгенде 10 құстың біреуі ғана әрең тірі қалады. Егер құстар күндіз ештеңе жемесе, түнде суықтан емес, аштықтан өледі. Мәселе мынада, түнде қарны аш құстың денесін жылытуға қуаты жеткілікті болмай, сол себепті ол аязды түнде мұздап, өліп қалады. Қарны тоқ құстар ешқандай аяздан қорықпай, өзінің мамық жүндеріне тығылып жылына алады. Қыстың жансыз, көңілсіз, суық, аязды күндері құстарды тамақтандыратын адамдардың терезесінен шиқылдаған, әндеткен құстардың даусын естисің.

Мейлі, бұл көктемдегідей әсерлі әуен болмаса да, тым болмағанда көктемге деген үмітті сыйлайтын әндер. Балаларға үнемі гаджет алып, оларды сауда орталықтарына апара бергенше ұлдарыңызбен, қыздарыңызбен бірге құстарға ұя жасаңыздар. Тірі табиғатқа деген көзқарастарыңызды, махаббаттарыңызды осылай көрсетсеңіздер балалар мейірімді болып өседі», – деп жазды видео авторы Асқар Жанапов.

Жіберіп алмаңыз:

Литваның бұрынғы білім министрі ҚазҰМУ-дың проректоры болып тағайындалды

Талдықорғанда телефонда көп отырма деп ескерту алған оқушы асылып қалды

Астанада қайырымды жандардан бөлек өз пайдасын ойлайтындар да көбейді

“Алтын белгі” төсбелгісі 500 мың теңгеге сатыла бастады

Талқылау