Елордада жаңа пәтер бағасы үш жарым жылда ең жоғары қарқынмен өскен
Фото: freepik.com
Астанада жаңа баспананың бағасы үш жарым жылда ең жоғары қарқынмен өскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Data Hub Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Елордада бастапқы нарықтағы пәтерлер тамызда шілде айымен салыстырғанда 3,9% қымбаттады. Мұндай көрсеткіш 2022 жылдың наурызынан бері енді тіркеліп отыр. Ал 2015 жылдан бері мұндай деңгейден жоғары өсім небәрі үш рет тіркелген.
Алматы мен Астанада элиталы пәтерлерді арзанға аламыз дегендер 1 миллиард теңгеге алданып қалды
Екінші нарықтағы баспана бағасы да өсті. Ол айына +1,7%. Ал одан да жоғары көрсеткіш соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында байқалған. Жалға беру бағасы да айлық көрсеткіш бойынша 3,1% қымбаттады. Бірақ биыл бұдан да ауқымды өсімдер тіркелген еді. Ал өткен жылдың тамызымен, яғни жаңа оқу жылы алдындағы кезеңмен салыстырсақ, қарқын төменірек болған. Алайда сол кезде шілде айында әлдеқайда айқын өсім байқалған еді.
Фото: Data Hub Telegram-арна
– Жаңа тұрғын үй бағасы екінші ай қатарынан өскен жоқ. Ал қайталама нарықта бағаның біршама өсуі байқалды, +0,6% м/м (сегізінші рет);
– Шілде айымен салыстырғанда жалдау ақысы 1,7% өсті, биыл да біршама айтарлықтай өсім байқалды. Салыстыру үшін айтсақ, былтыр жаңа оқу жылы қарсаңында жалдау ақысы осыған ұқсас 1,5% өскен.
Айта кетейік, бұған дейін жаңа үйлерден пәтер алу кезінде қолма-қол ақшамен төлем жасауға тыйым салынғаны туралы жазған едік.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
