Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада ұтыс ойнатамыз деп халықты жинағандарға айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан қаласында көлік ұтысын ойнату үшін шамадан тыс адамдардың жиналуына себеп болған іс-шара ұйымдастырушыларына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Іс-шараны ұйымдастырушылар ҚР ӘҚБтК 434-1 б.1 б. "Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуы" бойынша 20 АЕК айыппұл көлемінде әкімшілік жауапкершілікке, сонымен қатар ЖШС ҚР ӘҚБтК 505-бабы 1-бөлігі "абаттандыру ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Карантин режимін бұзу бойынша жиналған материал ҚР ӘҚБтК 425-бабы 1-бөлігімен жауапкершілікке тарту үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді", - делінген департамент таратқан ақпаратта.

Еске сала кетсек, бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтанда жаңадан гүл сататын дүкеннің ашылуына орай ұйымдастырылған ұтыс халықтың жаппай жиналып, жолдағы ұзын-сонар кептеліске ұласты. Содан соң іс-шараны ұйымдастырушылар полиция бөліміне жеткізілген еді.

Талқылау