Елордада үндістандық жұмысшылар төбелес шығарды
Нұр-Сұлтан қаласында үндістандық жұмысшылар төбелес шығарды. Полиция оқиғадан кейін «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 27 қазанда орын алған. Полцияға құрылыс жүргізіліп жатқан нысанның аумағындағы шетелдік жұмысшыларға арналған жатақханада Үндістан азаматтарының төбелес шығарғаны туралы қоңырау түскен.
«Полицейлер анықтағандай, спиртті ішімдік ішудің барысында Үндістаннан келген жұмысшылар арасында төбелес шыққан. Соның нәтижесінде үшеуі жарақаттаныпты», - дейді полициядағылар.
Оқиғаға қатысы бар 8 шетелдік жұмысшы ұсталып, Есіл ауданының полиция басқармасына жеткізілді.
Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"