Елордада тәулігіне 30 мың текше метр су жетіспейді – Сенат депутаты
Мамандардың зерттеулеріне қарағанда, 2040 жылға қарай Қазақстанда 50% су тапшылығы болуы ықтимал. Әсіресе елордадағы жағдай күрделене түсуі мүмкін. Сенаттың жалпы отырысында депутат Бибігүл Жексенбай Астананың су мәселесін шешу жолдарын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, қазірдің өзінде елордада су тапшылығы тәулігіне 30 мың текше метрді құрайды.Есілдің сол жағалауындағы қарқынды құрылыс жағдайды ушықтыра түсуде.
"Сәтпаев каналы арқылы Ертістің суын елордаға бұру бойынша жобадан басқа да балама бағыттарды қарастыру керек. Суды бөлудің халықаралық тәжірибесіне сәйкес, халықаралық құқық аясында трансшекаралық су ресурстарын басқарудың жаңа модельдерін қолға алу қажет. Су ресурстарын кешенді басқару саласындағы мамандардың білім деңгейін арттыруды және білім беру жүйесінің әдістемесін жаңартуды сұраймыз", - деді Бибигүл Жексенбай Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.
Депутат Жексенбайдың айтуынша, 4 миллионнан астам адамды сумен қаматмасыз етіп отырған Ертістің жағдайы мүшкіл. Оған кәсіпорындардың көптеп бой көтеруі, шаруа қожалықтарының, кооперативтердің суды үнемсіз пайдалануының кесірі тиюде.
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді