Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада сал ауруына шалдыққан төрт бала жүре бастады

Астана қаласының «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» жүргізілетін үзіліссіз оңалту шаралары және күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлермен бірге бассейнге, ипподромға бару сал ауруына шалдыққан балаларды емдеуде оң нәтижелер беріп отыр.

levit-1

Биыл осындай диагноз қойылған 4 бала алғашқы қадамын жасады, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

«Сиқырға сенген жоқпын,Тимур бір кезде өз бетімен жүре алады деп үміттенген де жоқпын. Орталықта балаларды оңалту үшін жасалған жағдайлардың және емдік дене шынықтыру және басқа да мамандардың адал еңбектерінің арқасында мен сенбеген ғажайып болды. Ұлым қысқа уақытта қадам баса бастады», – дейді Тимур Айдархановтың анасы – Назым.
Бүгінде елордада стационар және жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік стационарлық және стационарлық емес әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің жүйесі құрылған.
Арнайы әлеуметтік қызметтерді 3 медициналық-әлеуметтік мекемелер көрсетеді:

– «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ;

– «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ;

– «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ;

– «Астана қаласы әкімдігінің әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КҚМК;

– «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан немесе зорлық-зомбылық қатерінен зардап шеккен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы» КМК;

– «Белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ.
Аталған мекемелердің қызметін 3524 адам пайдаланады.
Жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтерді дұрыс көрсету үшін әрбір бала мамандардың мультикомандалық бағалауынан өтеді. Командалық қорытынды шығарылғаннан кейін баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сай келесі мамандар оңалту қызметтерін көрсетеді: логопед, психолог, дефектолог, музыкалық терапевт, еңбек терапиясының нұсқаушысы, массаж жасаушы маман, емдік дене шынықтыру маманы. Сабақтар арнайы кабинеттерде өткізіледі. Емдік дене шынықтыру маманы заманауи оңалту жабдықтарымен жабдықталған.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да тамақтан уланған оқушы бір айдан бері ес-түссіз жатыр

Қайырымды жастар 12 млн жинап берген Жәнелдің отасы сәтті өтті

Шамадан тыс көп су ішіп қойған әйел ауруханадан бір-ақ шыққан

Кей адам туған кезде құлағының үстінде тесік болады – мұның себебі мынада

Талқылау