Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаңбырлы күні тас жолға су шашып жүр": Астана тұрғындары коммуналдық қызметкерлердің әрекетіне таңғалды

Жаңбыр жол тазалауФото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде астаналық коммуналдық қызметкерлердің нөсер жауынға қарамастан асфальтқа су шашып жүрген видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Жаңбыр коммуналдық қызметкерлерге кедергі емес. Қалай десек те, "соғыс соғыспен, ал жұмыс өз уақытымен" дегендей”, – делінген жазбада.

Осы тұста желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі бюджет қаражатын жаратудың жолы десе, енді бірі мамандардың өз ісін жақсы білетінін және осылайша жолдағы құм-қоқысты тазалап жатқанын жазды.

“Өте қызық, бордюрлерді де жаңбыр жауып жатқан кезде жуады”, “Бюджет қаражатын жұмсау керек”, “Оның үстіне дәл кептеліс кезде”, “Қайран ақша”, “Ол өз жұмысын істеп жатыр”, “Кір-қоқысты судың қысымымен тазалап жатыр”, “Жолдағы кішкентай қиыршық тастардан тазалайды”, “Жаңбыр қоқыс пен кірден тазалай алмайды”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Желідегі видеоға қатысты Есіл ауданының әкімдігі жағдайды түсіндірді.

“Белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін алғыс білдіреміз! Бұл аумақта ауыр жүк көліктерінің дөңгелектерінен шыққан лай жиналып, жолдың санитарлық жағдайына әсер еткен. Осыған байланысты аумақты қалыпқа келтіру үшін көшені жуып, тазаладық”, – делінген әкімдік жауабында.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 13 Сәуір, 2026 14:03