Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада банкоматтан ақша алып тұрған әйелдің тоналған сәті видеоға түсіп қалды (видео)

Қазақстанның әр өңірінде ұрлық жасап жүрген ер адам елордада қолға түсті. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті оның ұрлық жасап жатқан сәтінің видеосын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елордада банкоматтан ақша алып тұрған әйелдің тоналған сәті видеоға түсіп қалды (видео)

Тұтқындалған 29 жастағы ер адам Қарағанды облысының тұрғыны болып шықты.

Полицейлер оны видеоға түсіп қалған кезекті ұрлығынан кейін қолға түсірді.
Желіде жарияланған видео кадрларынан ұрының әйелдің рюкзагынан бағалы заттарын ұрлап жатқаны көрінеді. 

 

Полиция мәліметінше, ер адам ұрлық жасағаны үшін іздеуде болған екен. Оны Қарағанды полициясы іздестіріпті.  

Тұтқындалған ер адам уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр