Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордада 7 жыл бойы жезөкшелер үйін ұстап келген ерлі-зайыпты қолға түсті

Көліктегі ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласы темір жол вокзалының аумағында ерлі-зайыпты 35 жастағы ер азамат пен 28 жастағы азаматшаны ұстады.

20160525145058

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Осы  жылдың басында олар көлік полицейлерінің назарына іліккен еді.

Күдіктілер үш ер азамат (олардың екеуі 1992 және біреуі 1994) және екі әйелден (1975 және 1987) құралған қылмыстық топты құрып және оған басшылық жасап, Астана қаласының аумағында 2009 жылдан бастап 2016 жылдың мамыр айына дейін жезөкшелiкпен айналысуға арналған притон ұйымдастырумен және жеңгетайлықпен айналысып келген.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 309-бабының 2-бөлімі 1-тармақшасы (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Жіберіп алмаңыз:

Шетелде жезөкшелікпен айналысуды ұйымдастырған қарағандылық әйел сотталды

21 жасар қазақстандықты Сеулде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Талқылау