Елорда маңындағы өрт оқшауланды
Елорда маңындағы құрғақ шөп өрті 80 гектар аумаққа жетті және оқшауланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Сағат 21:09-да елордалық өрт сөндірушілердің күшімен өрт оқшауланды. Өрттің жалпы аумағы 80 гектарға жетті. Зардап шеккендер мен опат болғандар жоқ. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жалғасуда", – деп жазды қалалық ТЖ департаменті.
Бұған дейін Қорғалжын тасы жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында қураған ағаштың өртеніп жатқанын хабарлаған едік.
Астана көшелерін түтін басып, дәрігерлер тұрғындарды көшеге шықпауға шақырды.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"