Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елорда атауының өзгеруіне байланысты оқулықтар қайта басыла ма – Аймағамбетов жауап берді

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елорда атауының өзгеруіне байланысты мектеп оқулықтары қайта басылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жақында президенттің жарлығымен елорданың атауы қайтадан Астана болып өзгерді. Ал мектеп оқулықтарына бұған дейін "Нұр-Сұлтан" деген атау енгізіліп қойған.

"Елорда атауының өзгеруіне байланысты оқулықтар ауыстырылмады. Меніңше, соған бола қайта бастырудың қажеті жоқ. Бізде 2016-2018 жылдары (елорда Нұр-Сұлтанға болғанға дейін – авт.) басылған оқулықтар көп. Сосын балалар да, жалпы, халық елорданың атауын біледі ғой", - деді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, мектеп оқулықтарын қайта басудың нақты тәртібі бар. Оған білім беру бағдарламаларын жаңарту шаралары да әсер етеді. Ал уақыт келгенде оқулықтар қайта басылады. Сол кезде елорданың атауы да, жаңадан облыстардың қосылғаны да ескеріледі.

Талқылау