Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министрлік Шерзаттың қазасынан соң Талғардағы жасөспірімдер тәрбиесін бақылауға алатынын мәлімдеді

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова мәжіліс аясында 16 жасар Шерзаттың қайғылы қазасынан соң, Талғардағы жағдайға биліктің назар аударғанын жеткізді. Айтуынша бұл аймақтағы жасөспірімдермен тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөзден коллаж

Оспанованың айтуынша, ведомство мамандары әлі де теріс көзқарастағы жастармен кездеспеген.

"Біз әлі теріс пиғылдағы балаларды кезіктірмедік. Сол жастармен де жүздеспедік. Қазір бұл балалардың ортасы анықталып жатыр", – деді ол.

Ведомство 16 жасар Шерзат Болатты өлтірген оқиғадан кейін қалада жасөспірімдерді тәрбиелеу жөніндегі жұмысты бақылауға алуға ниетті. 



"Алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін ІІМ мен Бас прокуратура істі белсенді кезеңге өткізеді. Тиісінше, тәрбие мәселесі, жасөспірімдерді пайдалы іс-шаралармен айналысу және балаларды мектептен тыс іс-шаралармен қамту мәселесі сөзсіз бақылауға алынады", – деп жауап берді Насымжан Оспанова. 

Сондай-ақ ол елімізде өткен оқу жылынан бастап "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асырып келе жатқанын айтты. Оның аясында өңірлерде тәрбие жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр. 

Еске салсақ, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Қазір 16 жастағы жасөспірім мерт болған Талғар қаласын Ұлттық ұлан сарбаздары күзетіп жатыр.

 

Талқылау