Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің ірі қалаларында түнгі экспресс-маршруттар іске қосылмақ

Фото: Aircoach

Қазақстанның ірі қалаларында туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында әуежай және қала орталығы арасында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, заңсыз такси қызметтері – ел ішінде кең тараған мәселе.



“Халықаралық әуежайларда QR код жүйесі енгізілді. Онда сенімді такси, қонақүйлер, электронды SIM-карталар мен туристік нысандар туралы ақпарат көрсетіледі. Әкімдіктер бұл жұмысты тұрақты түрде қадағалап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы керек. Қажет болса, заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейту мүмкіндігі де қарастырылуға тиіс”, – дейді министр.

Министрдің сөзінше, елде ірі халықаралық қалалардағы секілді түнгі уақытта әуежайдан қала орталығына автобус қатынамайды. Бұл мәселені шешу үшін түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылады деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда енді такси жүргізушісі, жолаушы және маршрут деректері тіркелетіні туралы жазған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 11 Маусым, 2025 12:35
Талқылау