Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Web-Cam ұйымдастырған: Қазақстанда миллиардтаған пайда әкелген қылмыстық топтың әрекеті ашылды

ІІМ тергеу департаменті Web-Cam арқылы интимдік материалдар дайындап, қызмет көрсеткендерді ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

2023 жылдың тамызында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөлімі Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбеде Қазақстан мен шетелдердің азаматтарын ұстады. Олар модельдік агенттіктің атын жамылып, Web-Cam арқылы интимдік сипаттағы материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан.

Қылмыстық бизнеске 18 жастан 25 жасқа дейінгі қазақстандық қыздар тартылған. Қылмыстық топтың ақша айналымы үш миллиард теңгеден асқан. Қылмыстық іс бойынша 21 адам күдікті деп танылған. Олардың мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

“Өткен жылдың желтоқсанында осыған ұқсас қылмыстық сызбаның жолы кесілді. Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы еліміздің 11 өңірінде аталған қылмысқа қатысы бар 50-ден астам адамды құрықтап, жеткізді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҰҚТ құру және оған қатысу фактісі бойынша жүргізіліп жатыр”, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

 

Талқылау