Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Еліміздің бірқатар аймағында ауа райына байланысты жолдар жабылды

“ҚазАвтоЖол” АҚ 8 наурыздағы жағдай бойынша ауа райына байланысты қай жолдарда қозғалысқа шектеу енгізгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

08:00-дегі жағдай бойынша 8 облыстағы 10 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.  

Абай облысы:

  • "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 615-768 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Жетісу облысы шекарасы - Аягөз қаласы);  
  • "Таскескен-Бақты-ҚХР шекарасы" автожолының 0-75 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Таскескен ауылы - Ұржар ауылы);  

Алматы облысы:

"Алматау турбазасына кіреберіс" автожолының 0-15 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Тұздыбастау ауылы - Бесқайнар ауылы);

Атырау облысы:

"Атырау-Орал" автожолының 5-62 шақырым аралығы (Атырау қаласы - Махамбет ауылы); 

Жамбыл облысы:

  • "РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-алматы-ҚХР шекарасы" автожолының 534-593 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Айша бибі ауылы - Түркістан облысы шекарасы);
  • "РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы" автожолының автожолының 159-238 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Отар ауылы - Қайнар ауылы);

Жетісу облысы:

  • "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 558-615 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Үшарал қаласы - Абай облысы шекарасы);  
  • "Сарызек-Көктал" автожолының 45-68 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Алтын Емел асуы);  

Қостанай облысы:

"Жезқазған-Арқалық-Петропавловск" автожолының 252-340 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау облысы шекарасы - Арқалық қаласы);  

Ұлытау облысы:

"Жезқазған-Арқалық-Петропавловск" автожолының 137-252 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау ауылы - Қостанай облысы шекарасы);

Түркістан облысы:

"РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы" автожолының автожолының 593-620 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Жамбыл облысы шекарасы - Тұрар Рысқұлов ауылы).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 326 арнайы техника мен 545 маман жұмылдырылды.

Назархан Уән
Сенбі, 08 Наурыз, 2025 10:22
Талқылау