Еліміздің бас онкологі: Айсәуле Бақытбектің болашақ енесі жайлы не білеміз?
Айсәуле Бақытбек жақында келін атанбақ. Баян Алагөзованың айтуынша, екі жастың тойы 2019 жылдың наурыз айына жоспарланған. Айсәуленің болашақ жары – Әлішер есімді кәсіпкер жігіт. Азулы продюсердің күйеу-баласының шоу-бизнес әлеміне ешқандай қатысы жоқ. Ал Баян Мақсатқызының болашақ құдағиы – еліміздің бас онкологі, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бұған дейін Айсәуле Бақытбек болашақ енесі Диляра Қайдаровамен түскен суретін көрсеткен болатын. Ендеше медицина саласына еңбегі сіңген онколог жайлы не білеміз?
Диляра Қайдарова – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, “Қазақ онкология мен радиология ғылыми-зерттеу институтының” директоры, Қазақстан Республикасы онкологтар Ассоциациясының президенті, Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологі, жоғары дәрежелі онколог-дәрігер, денсаулы сақтау саласының үздігі.
2016 жылдың мамыр айынан бастап “Қазақ онкология мен радиология ғылыми-зерттеу институтын” басқарады.
Сондай-ақ, Диляра Қайдарова 2006-2016 жылдары аралығында “Алматы онкологиялық орталығын” басқарған. Ол қоғамдық жұмыстармен де белсене айналысады.
Диляра Қайдарова 1990 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген. Ал 1990-1992 жылдары Клиникалық ординатурада акушерлік іс пен гинекологияны оқыған.
Бітірген жылы еңбек жолын Алматы онкологиялық диспансері, гинекология бөлімінде қатардағы онколог-дәрігер болып бастаған.
Дәрігер Қайдарова – жатыр мойны обырына қарсы күрес ассоциациясының (ЕССА), сондай-ақ, обырға қарсы күрес халықаралық одағының (UICC), Еуразиялық онкология федерациясы (EAFO) мен бас пен мойын ісігі Еуразиялық қауымдастығының (EASHNO), Еуропалық медициналық онкология қауымдастығының (ESMO), Америкалық клиникалық онкология қауымдастығының (ASCO) мүшесі, сондай-ақ, EURAMA (Euro-Asian Mastology) директорлар кеңесінің мүшесі.
Айтпақшы, Диляра Қайдарова “Қазақстанның 100 жаңа есімі” тізіміне кірген.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.