Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ұшақ билеттері қазіргіден де қымбаттауы мүмкін

Әуе компаниялары әуежай басшылығының әрекетіне қарсы! Алматы әуежайы қызметтеріне тарифті көтеру туралы Азаматтық авиация комитетіне қолқа салғаны сол еді, әуе тасымалдаушылары өре түрегелді. Әсіресе «Эйр Астана». Өйткені, «Эйр Астананың» жалғыз өзі ғана жылына жүздеген миллион теңге аударады екен. Әуежайдың бұдан басқа да табысы жетіп артылады деген тасымалдаушы, тарифті өсірмеуді сұрап отыр. Кері жағдайда, билет құны бұрынғыдан да қымбаттай түспек, деп хабарлайды КТК арнасы.

20160718160759

Алматы әуежайынының қызметтеріне бағаны көтереміз дегені бірінші кезекте «Эйр Астанаға» жақпай қалды. Өйткені, сол қызметтерді негізгі пайдаланушы осы компания. Айтуларынша, әуеге ұшып-қону секілді ең ауыр жұмысты атқаратын –өздері, ал пайдасын көретін әуежай. Мәселен, былтыр «Эйр Астана» әуежайға ішкі рейстердің келіп-кеткені үшін ғана 82 миллион теңге төлепті. Ал халықаралық рейстер үшін берген ақшасы одан да көп. 208 миллион теңге.

«Былтырдың өзінде ғана Алматы әуежайы 3 миллиард теңгеден астам пайда тапқан. Оның алдыңғы жылғы табысы да 3 миллард теңгеден асады. Әрине, әуежай өз тарифтерін көтерсе, біз де билет бағасын өсіруге мәжбүр боламыз. Басқа әріптестеріміз де ұшып-қону қызметіне баға көтерілдген жағдайда тарифтерін өсіруге дайын отыр», – дейді «Эйр Астана» әуе компаниясының менеджері Евгений Аксенов.

Алматы әуежайына барлығы 33 әуе компаниясының ұшақтары ұшып-қонады екен. Бірақ, соған қарамастан қауіпсіздікті алға тартқан әуежай басшылары техниканы жаңартуға тағы 1 миллард 789 миллион теңге қажет деп отыр. Ал оны табудың бір ғана жолы әуе компанияларына көрсетілетін қызмет ақысын өсіру екен.

«Әуе компанияларына қауіпсіздік қажет болса, әлбетте ол үшін шығындалулары керек. Сонда ғана талапқа сай жағдай жасаймыз. Біз қорымыздағы қаржыны да жаратып жатырмыз. Мәселен, ұшып-қону жолағын жөндеуге өз есебімізден 6 миллиард теңге жұмсадық. Перрон техникаларын да жаңартуға да ақша шығындап жатырмыз», – дейді «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ вице-президенті Серік Мықтыбаев.

Осылай деп ақталған әуежай басшылары модернизация жасауға өздерінің миллиардтары жеткіліксіз екенін ашық айтты. Десе де, бұл уәжге «Эйр Астана» сенгісі жоқ. Өйткені, олардың мәліметі бойынша былтыр Алматы әуежайынің 7 бірдей топ-менеджері жалақыдан бөлек, 125 миллион теңгені сыйақы ретінде өзара теңдей бөлісіп алған екен. Ақпаратты әуе компаниясындағылар таратқанына әуежай басшылығы кәдімгідей шамданып қалды.

«Эйр Астанада» 32 вице-президент отыр деп жатқан жоқпын! Олардың қанша алатынын да айтып отырғаным жоқ», – дейді «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ вице-президенті Серік Мықтыбаев.

Ал тарифті көтеру туралы ұсынысты қазір Азаматтық авиация комитеті қарастырып жатыр екен.

Әуежай қызметтеріне тарифті қымбаттатқан күні-ақ әуе тасымалдаушылары билет бағасын көтермекші. Яғни, айналып келгенде қауіпсіздік үшін жұмсалатын миллиондар алпауыт компалиялардың емес, тағы сол қарапайым жолаушының қалтасынан шыққалы тұр.

Жіберіп алмаңыз:

Шахан апатына кінәлілер түрмеден құтылып кетті

ҰБТ дауы: Талапкерлер грант тізімінде болғанымен, студенттер қатарында болмай шықты

Ұлттық банк басшысы теңге құнсызданады деген пікірге жауап берді

Қызылорда облысында дастархан басындағы суреттерін желіге жүктегені үшін 18 шенеунік жазаланды

Талқылау