Басты жаңалықтар
Елімізде мұғалімдер мен дәрігерлерге балағат сөз айтқандар жауапқа тартылады
Қазақстанда енді ұстаздар мен дәрігерлерге балағат сөз айтқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Оларды боқтағандарға 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 34 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.
Сондай-ақ отбасылық жанжал кезінде былапыт сөз айтқан адам да бірінші рет ескерту алып, кейін 17 мың теңгеден астам айыппұл арқалайды. Осыған орай жаза әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабында қарастырылады. Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанованың айтуынша, әрбір жағдай жеке қаралады. Кімге қандай жаза тағайындайтынын сот шешеді.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі қоғамдық жерде боқтағандар 69 мың теңге айыппұл арқалайды немесе 30 тәулікке қамауға алынады деген еді. Бұл норма әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстік 434-бабына енгізілген. Заң наурыз айынан бастап күшіне енеді.
Талқылау

"Әйелдерді ылғи ұрысқақ, долы, толық етіп көрсетеді": Қоғам белсенділері қазақ киносындағы әйелдің образы неге өзгермейтінін талқылады
Айгерім Құсайынқызы: "Отандық өнімдер әйелдің рөлін тұрмыстық шеңберден асырмайды

Алматыда күзетші мейрамханаға келген қызды сүйреп шығарып жіберген: Көпшілік ресторанға бойкот жариялады
The Theater қызды шығарып жіберудің себебі не екенін айтудан бас тартты