Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде діни-жоралғылар бір тәртіппен өткізілетін болды

Божко Астананы ауылдағы ағайыннан қызғанғаны ма? Ауыл жастары қалаға кеп жұмыссыз сабылады, одан қалды діни радикалдардың қатарын толтырады деген мәжілісменнің мәлімдемесі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Божко Үкіметтен қалаларға ағылған ауыл көшін тоқтатайық деп те сұрады. Діннің жайы талқыға түскен жиында сондай-ақ, қауға сақал, қысқа балақ пен атеистер жайлы сөз болды, деп хабарлайды КТК арнасы.

65492719

Мәжілістің бүгінгі үкімет сағаты елдегі діни ахуал, экстремизмге қатысты болды. Діни радикалдар қайдан пайда болатынын өзінше болжап көрмек болған Владимир Божко, проблеманың төркінін ауылдан бір-ақ шығарды.

Депутаттың сөзінше, үлкен қалаға кеп екі қолға бір күрек таппаған жастар тез радикалданады екен. Сондықтан, сақа саясаткер жастарды қалаға жуытпай, ауылға қамаған кеңес үкіметінің саясатын жаңғыртуды ұсынды.

«Әлеуметтік желілердегі араңдату ақпараттарына көп жағдайда жақсы жұмыс пен баспанаға мұқтаж ауылдың жастары еріп кетеді. Менің ойымша ауылдық жастардың қалаға үдере көшуін тоқтату керек», – дейді мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко.

Қалған депутаттар әріптестерінің сөзіне ашық қарсылық білдірмесе де, жастардың діни көзқараста адасуының себебін ауылдан әріректен іздеді. Мәселен, Мәулен Әшімбаев, мемлекет жастардың қалаға көшіуіне емес, немен айналысып жүргеніне алаңдауы тиіс деді.

«Жасөспірімдерді күмәнді діни ұйымдардың қатарына тартатындарға жауапкершілікті күшейту керек. Елімізде 1000 діни білім беретін оқу орны бар. Одан жыл сайын 30 мың бала тәртиеленіп шығады. Кейбірінің қызметі өте күмәнді, шынын айту керек», – дейді мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев.

Ал құрылғанына бір жыл толған Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі батыл бастамаларды қолға алудан жүрексінбейді. Нұрлан Ермекбаев бастаған шенеуніктер, қауға сақал, балаққа жармаспай, ендігі кезекте мұсылманшылықтың қазаққа ғана тән мектебін құрмақшы. Қиыннан қиыстырып, дін мен саясатты ұштастырып жүрген ведомство Құдай танудың тың түріне мемлекеттің көпұлттылық саясатын да сыйдырған.

«Адамдар зайырлы демократиялық мемлекет жетістіктерінің орнына ортағасырлық тәртіппен аласапыран келуі мүмкін деп алаңдайды. Бұндай процесстер бірқатар елдерде орын алған. Бүгін біз зайырлылық сипатты жоғалтсақ азаматтарымыздың үміт отын жоғалтамыз. Бұл ретте зайырылылық атеизм емес екенін де түсінген жөн», – дейді Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Министрдің сөзінше, Қазақстан халқының 75 пайызы Құдайға сенеді, бірақ сыйынбайды. 15 пайызы дін шарттарының барлығын үзбей орындайды. Ал 10 пайызы Құдайсыз-ақ күнелтіп жүр дейді Ермекбаев. Құрылатын қазақы исламтану мектебінің міндеті аталған 15 пайызды ұйыстыру.

«Қазір бізге көптеген шағымдар келіп түседі. Кейбір өңірлерде, тіпті бір қаланың ішінде де дін рәсімдер, жоралғылар түрлі түрде атқарылады. Кейбір жағдайда осының негізінде түрлі шиеленіс, қақтығыс, даулар шығады. Жалпы тұрғындар бұл діни рәсімдерді бір стандартқа келтіруге болады ма деп сұрап жатады. Сондықтан біз сондай ұсыным бергенбіз муфтиятқа», – дейді дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Министрдің сөзінше енді молдалар жаназаны бірдей шығарып, бірдей неке қиып, азан шақырып, ат қояды. Ермекбаевтың сөзіне сенсек, Қазақстан араб әлеміне жалтақтауын біржола қойып, төл мұсылмандық мектебін тұрғызуы тиіс. Оның алғашқы қадамы – Мысырмен бірлескен Нұр Мүбәрак универститетін толық өз еркімізге беруді өтінген хат ресми Каирге жолданып та қойған.

Жіберіп алмаңыз:

Талдықорғанда шенеунікті шапалақпен ұрған шаруа сотталып кетті

Павлодарда премьер Сағынтаевтың қолынан пәтер кілтін алған отбасы далада қалғалы тұр

Оралдық кәсіпкер ұшақ ішінен балалар кафесін ашпақшы (фото)

Биыл соңғы 100 жылдағы ең суық қыс болады

Талқылау