Елімізде қолжетімді коммерциялық ипотека көлемі артпақ

Қазақстанда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына түсетін жүктемені азайту үшін коммерциялық ипотеканы дамыту жоспарланып отыр. Мұны Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Премьер-министр Қазақстанда коммерциялық ипотека нарығын кеңейту керегін айтты.
“Мемлекеттік бағдарламаларға жүктемені азайту мақсатында қолжетімді коммерциялық ипотеканы дамытып, көлемін ұлғайту қажет. Өнеркәсіп министрлігі Ұлттық банкпен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екінші деңгейдегі банктердің коммерциялық ипотекасын және тұрғын үймен қамтамасыз ету құралдарын одан әрі жетілдіру бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеуі тиіс. Отбасы банк өз кезегінде, халықтың осал санаттарын қолдауға баса көңіл бөлуі қажет”, – деді премьер-министр.
"Банктер ипотека бермейді": Премьер-министр Бектенов мұның кімге қатысы барын айтып, шарттарды атады
Қазақстанда пайызсыз ипотеканы іске қосу жоспары талқыланып жатыр
Сонымен қатар Бектенов жаңа құрылыс заңнамасын енгізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
“Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 1 шілдеге дейін нормативтік актілерді жаңартып, қабылдауды, оларды іске асыру кезінде үздіксіз бақылап отыруды қамтамасыз етсін”, – деді премьер-министр.
Айта кетейік, бұған дейін Биыл Қазақстанда 70 мыңнан астам отбасыға жеңілдетілген ипотека берілетіні туралы жазған едік.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік