Елімізде қаржы пирамидаларын жарнамалайтындар жеті жылға дейін түрмеге қамалмақ
ҚР Парламенті мәжілісінің депуттатары қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын мақұлдады. Енді мәжіліс депутаты Юрий Ли айтуынша, қаржы пирамидаларын жарнамалағандар жеті жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Енді елімізде қаржы пирамидаларын жарнамалаушылардың үстінен қылмыстық іс қозғалмақ.
"Біз ұсынып отырған ҚР ҚК-y34 217/1-бабы қаржы пирамидаларына нақты заңнамалық жауап болады. Осы бап енгізілген соң танымал қазақстандықтар, блогерлер мен вайнерлер қаржы өнімдерін жарнамалаған кезде мұқият және жауапты болады деген үмітіміз бар.
Аталған жаң жобасының 1-бөлігі бойынша 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл салуға немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазалары қарастырылған. Ал 4-бөлігі – қылмысты саралайтын құрам, онда қылмыстық жаза ретінде мүлікті тәркілеу мен 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазылған”, – дейді мәжілісмен.
Бұған қоса ол құқық қорғау органдарының қызметі мен еліміздегі қаржылық сауатты арттыру туралы да ұмытпау керектігін де алға тартты.
Сонымен қатар заң жобасына мына жағдайлар қарастырылған:
- қаржы (инвестициялық) пирамидаларын құру және басқару үшін санкциялардың жоғарғы шегін арттыру;
- қаржы (инвестициялық) пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу;
- сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған Ішкі істер органдарына немесе экономикалық тергеу қызметіне қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды жарнамалау туралы қылмыстық істер бойынша тергеу жасауын айқындау;
- қылмыстық іс-әрекеттерді әкімшілік құқықбұзушылықтардан ажырату;
- жеке және заңды тұлғалардың ақшасы мен өзге де мүлкін осындай қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ тұлғалардың пайдасына тартуға қатысты қызметті жарнамалауға тыйым салу.