Елімізде футболка мен шапандарға ру атын жазуға тыйым салынбақ

Енді Қазақстанда футболка, шапандарға ру атын жазуға тыйым салынбақ. Сондай-ақ отандық кинолардың мән-мағынасын тексеретін көркемдік кеңес құрылуы ықтимал. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Осындай тыйымдар арқылы халықты жер-жерге, ру-тайпаға бөліп, ел ішіне іріткі салатын картиналарды біржола жою көзделіп отыр. Яғни, автор руларды бір-біріне қарсы қойып, арандатса, кино жарыққа шықпайды.
Депутат Ерлан Саировтың пікірінше, кейінгі кездері арандатушылық тудыратын фильмдер көбейген. Өйткені жауапты ведомство контенті қадағаламайды дейді. Салдарынан “Руың кім” секілді кинолар жарыққа шығып жатыр. Демек қоғамда бірлік пен тұтастықты нығайтудан гөрі, халықты жікке бөлуге қатысты үдеріс бар.
“Отандық өнімдердің мазмұнын алдын ала көркемдік-эстетикалық, идеологиялық, ұлттық бірлік тұрғысынан сараптайтын тұрақты комиссия құруды іске асыру қажет. Ол ұлттық код және мәдени ерекшелік ұғымын желеу етіп, қоғамды бөлшектеуге, рушылдық пен жікшілдікті насихаттайтын әрекеттерге нақты тосқауыл керек”, – дейді парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.
Еске салайық, бір апта бұрын шыққан "Руың кім?" фильмі прокаттан алып тасталған еді.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады