Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде енді оқушыларды жасанды интеллект репетиторлары оқытады

Фото: freepik.com

Қазақстанда биыл білім беру саласына жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізу жұмыстары күшейтілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжановтың айтуынша, министрлік ұлттық цифрлық профильдер жүйесін және Ұлттық білім беру платформасын құруға кірісті. 

“Осы мақсатта Ұлттық білім беру деректер базасы жаңғыртылады. Ол барлық LMS жүйесі, яғни электронды күнделіктер мен журналдар үшін бірыңғай деректер қоймасына айналады. Бұл барлық мәліметті QazTech мемлекеттік бұлтты платформасында шоғырландыруға мүмкіндік береді”, – деді Ахметжанов. 

Оның айтуынша, бұл мұғалімдердің күнделікті жұмыс жүктемесін азайтады. Мәселен, Жасанды интеллект агенттері педагогикалық кеңестерге дайындық кезінде көмек көрсете алады.

“2026–2027 оқу жылынан бастап пилоттық өңірлердегі шағын жинақты мектептерге арналған Qazaq Digital Mektebi жобасы іске қосылады. Бұл жоба аясында Жасанды интеллект репетиторлары да қолданылады. 2026 жыл бойы 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектпен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын меңгереді”, – деді Асылбек Ахметжанов.

Сонымен қатар, оқушылар арасында жасанды интеллект сауатын арттыруға ерекше назар аударылатыны айтылды.

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 03 Қаңтар, 2026 13:14