Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде екінші АЭС салынатын орын бекітілді

Фото: freepik.com

Қазақстан үкіметі елде екінші атом электр станциясын салу туралы шешімді бекітті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жаңа Атом электр станциясы Алматы облысының Жамбыл ауданына салынады. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.


Қазақстандағы екінші АЭС: Үлкен ауылының тұрғындары оны салуға рұқсат берді


Қазақстандағы алғашқы АЭС "Балқаш" деп аталатын болды


“Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ядролық қондырғы салынатын аумақта “Екінші атом электр станциясы” ядролық қондырғысын салу туралы шешім қабылдансын”, – делінген Үкімет қаулысының мәтінінде.

Аталған жобаны жүзеге асыру елдің оңтүстігіндегі электр энергиясы тапшылығы мәселесін шешуге, энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттырып, электр энергиясын өндіру көздерін әртараптандыруға бағытталған.

Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысында екі АЭС, тағы біреуі Батыс Қазақстан облысында салынатынын айтқан болатын. "Росатом" Үлкен ауылында алғашқы АЭС-тің алдын ала жұмыстарын бастағаны туралы хабарлаған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Дүйсенбі, 02 Ақпан, 2026 18:42