Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде екі мыңнан астам сарбазға мемлекеттік оқу гранты берілді

Фото: Қорғаныс министрлігі

Былтыр көктемде әскерде борышын өтеген жас сарбаздар енді жоғары оқу орындарында тегін білім алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мерзімді қызметте болған 2314 сарбазға оқу гранттары берілді. Мемлекеттік сертификаттар қорғаныс министрлігінде табысталды.

Еліміздегі жоғары оқу орындарына 2010 грант, қорғаныс министрлігінің жоғары оқу орындарына 253 орын, ұлттық ұлан академиясына 36 орын, ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара академиясына 12 орын және төтенше жағдайлар министрлігінің оқу орнына 3 орын бөлінді.


"Ауыз қуысынан, іш киімінен бірнеше ер адамның шәуеті табылған": Соңғы бес жылда қоғамдық шу тудырған сарбаздар ісі


Мерзімді әскери қызметтегілерге оқу гранттарын беру екі жыл бұрын басталған. Бірақ ол кезде оқу сертификаттарын жоғары оқу орындары бөлді. Ал енді мерзімді қызметке шақырылған әскерилер мемлекет бөлген гранттарды ала алады. Жалпы бөлінген гранттардың 2,5%-ы әскери салаға беріледі.

“Әскерде жүріп грантқа түсуге болады дегенді естіген кезде қуандым. Оған әрекет еттім, өзімнің қабілеттерімді көрсеттім. Іріктеу болды және әскерде жүріп ҰБТ тапсырдық. Сол ҰБТ-дан жақсы балл жинап, әрі қарай грант алғанымды естігенде қуандым. Мен Өскемен қаласында әскери қызметте болдым. Қарағанды қаласына оқуға түсіп жатырмын”, – деді мемлекеттік оқу грантының иегері Айберген Өміржан.

“Бірінші келгеннен бастап, қазіргі 2025 жылы келген әскери қызметкерлер тізімге алған күннен бастап қызмет атқарады. Жауынгерлік кезекшілікке түседі, әскери дайындықтан өтеді. Басқа да борыштарын атқарып жүргенде, оның бәрі бағаланады. Соңында тест тапсырады. Таңдаған мамандығы бойынша 2 пәннен тапсырып, компьютердің өзі кім қандай деңгейде, рейтинг бойынша қалай тапсырды соның бәрін бағалап, соңында шығарады. Осылайша қай әскери қызметкер қандай грант ұтып алғанын анықтайды”, – деді қорғаныс министрлігі білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Олжабаев.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 03 Маусым, 2025 16:15
Талқылау