Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде бір айдың ішінде 100-ден астам сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелген

Фото: Stan.kz

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылы қаңтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері туралы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Комитет мәліметінше, биыл жыл басынан бері 126 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 110 сыбайлас жемқорлық әрекеттері.


Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет неге құрылды


Залал 486,1 миллиард теңге: Қазақстанның қай өңірінде сыбайлас жемқорлық көп тараған


“Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты. 89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылды. 129 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 121-і сотқа жіберілді. Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 18 миллиард теңге болды. Бюджетке 100 миллион теңгеден астам қайтарылды”, – делінген хабарламада.

Комитет мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық және ақша жымқыру істері бойынша шенеуніктер ұсталғаны туралы жазған едік.

Жұмаділлә Нұрила
Сейсенбі, 03 Ақпан, 2026 10:53