Елімізде банктер мобильді аударымдар туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетіне бере бастады
2025 жылы қаңтардан бастап еліміздегі банктер Мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы ақпарат береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Комитетте нақтыланғандай, ақпарат беру критерийі жеке тұлғаның қатарынан үш күнтізбелік айда бір немесе одан да көп түрлі тұлғалардан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банктік шотқа ақша қаражатын алуына байланысты жүргізіледі.
"2025 жылдан бастап банктерден ақпарат жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары және олардың жұбайларынан 2024 жылдың қорытындысы бойынша беріледі", — делінген ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.
Бұл шара жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді анықтауға бағытталған.
"Өйткені көптеген кәсіпкерлер тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді кәсіпкерлік қызметке арналмаған жеке шоттарға мобильді аударымдар арқылы алады", — делінген хабарламада.
Бұдан басқа, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар жеке тұлғалар үшін қолданыстағы критерийге өзгерістер енгізілді. Енді жеке тұлғаның банк шотына жалпы сомасы ең төменгі жалақының үш еселенген мөлшерінен (01.01.2024 жылғы жағдай бойынша 255 000 теңге) асса, келесі үш айда ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан ақша қаражатын алса қадағаланады.