Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде айлакер жігіт біреудің суретін иемденіп, фото байқауда жеңімпаз атанған

Азамат Ғалилұлы есімді жігіттің суреті жалған болып шыққандықтан, “ҚТЖ” шығармашылық байқауының нәтижелері жойылды.

1655082

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Бұдан бұрын баспасөз қызметі хабарлағандай, компания “Жолаушының үздік суреті” тақырыбындағы байқаудың қорытындысын шығарған болатын. Бұл байқаудың шарты бойынша қатысушылар пойызбен кетіп бара жатып, ерекше әдемі сурет түсіруі тиіс еді. Байқау комиссиясына қазақстандық пойыз жолаушыларының 100-ден астам шығармашылық жұмыстары жіберілді. Азамат Ғалиұлының “Жайлаудағы көктем” атты жұмысы екінші орын алып, автор iPhone 7 ұтқан болатын.

1891889

“Жолаушылар тасымалы” хабарлағандай, Азамат Ғалиұлы басқа біреудің суретін иемденіп алыпты, сол себепті әділқазылар байқау қорытындысын өзгертуге шешім қабылады.

“Жуық арада бұдан бұрын жіберілген суреттер қаралып, екінші орынға лайықты жұмыс таңдалады”, — деді баспасөз қызметінде.

Жіберіп алмаңыз:

Шахматшы Динара Сәдуақасова енді ерлер чемпионатына қатысады

Әйгілі BBC арнасы Қызылордада түсірілім жасады

Киімді үйлестіріп киюдегі 10 қателік (фото)

Талқылау