Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі BBC арнасы Қызылордада түсірілім жасады

Наурыз айында Ұлыбританиядағы BBC арнасының эфирінен танымал Top Gear  бағдарламасының кезекті шығарылымы көрсетілді.

460x825_TopGear_DotCom_3200x1440plain

Көліктерге арналған  бұл бағдарламаның  бір бөлігі  өткен жылдың соңында  Қызылорда жерінде  түсірілген еді. 350 миллиондық  аудиториясы бар  Top Gear  бағдарламасының авторлары,  продюссерлері мен  жұлдызды актерлары  Сыр елінде  бірнеше күн ауқымды түсірілім жасады, деп хабарлады  облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Бауыржан Шамшат.

Голливудтық актер Мэтт Леблан бастаған  автошабандоздар тобының  қызыққа толы оқиғаларын баяндайтын бағдарлама арқылы әлем жұртшылығы ұлттық ойынымыз көкпарды, Байқоңыр ғарыш айлағын және қазақтың  мәдениеті мен салт-дәстүрін  етене тани түсті.

«Тop Gear  жобасының түсірілімі  BBC арнасының   қаражаты есебінен жүргізілді, ал  жергілікті билік   телебағдарламаның сапалы әрі жоғары деңгейде түсірілуіне  қолдау көрсетіп, ұйымдастыру шараларына  атсалысты», – деп атап өтті әкімдіктен.

Жіберіп алмаңыз:

BBC телеарнасы Шымкент туралы эпизод көрсетпек

BBC телеарнасына үйде отырып сұхбат берген профессор күллі әлемге күлкі болды (фото, видео)

Канадалық режиссер: Жылқыны қолға үйрету қазақ жерінде басталғанын ешкім білмейді

Талқылау