Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде асырауға алынған ұл-қыздарды балалар үйіне кері қайтару дерегі өршіп барады

Жылына мұндай жетімдердің 250-ден астамы қайта керексіз болып қалады екен. Әрі бұл үшін ата-аналарға ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған, деп хабарлайды КТК арнасы.

«Бала сүп-сүйкімді  болса ешқандай проблема туғызбайды деп ойлайды. Бірақ, олар асырап алуға дайын емес. Баланы асырап аламын деп ниет білдірген жанұя олар үшін бір дайындық керек», – дейді ҚР Білім және ғылым министрлігінің комитет төрағасы міндетін атқарушы Ержан Ерсайынов.

Яғни, жауаптылардың айтуынша, отбасылармен жұмысты күшейту керек. Жанұяның маңызы туралы айтып, психологиялық көмек беру қажет. Өйткені, елімізде жылына мыңға жуық ата-ана бала бағу құқынан айырылады екен. Сөйтіп, әке-шешенің қарауынсыз қалған ұл-қыздар балалар үйі мен интернаттарға жіберіліп, жетімдердің санын толтырып отыр. Сондай-ақ, бала асырап алушыларды да маңызды қадамға бармай тұрып, жан-жақты дайындау қажет.

«Жетімді бауырына басқысы келетіндер үшін арнайы мектептер ашылған. Оған бару – тегін. Біз осында әрбір ата-ана оқып, отбасының қадірі жайлы көбірек білсе дейміз. Өйткені, бұл асыранды ұл-қызарды кері қайтару дерегін азайтады деген үміт бар», – дейді «Сәби отбасында өмір сүруі тиіс» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Шолпан Байболова.

Жіберіп алмаңыз:

Шетелдік компаниялар Қазақстанда құны 4 211 млн долларды құрайтын 12 жобаны іске асырмақ

Сағаттап созылған кезек: Қазақстан мен Қырғызстан шегарасындағы жағдай (видео)

Талдықорғанда балабақша меңгерушісі қарамағындағыларды құлша жұмсаған

Елімізде жұртқа дұрыс уағыз айтып, жат ағымдағыларға насихат жүргізетін бөлім ашылды

Талқылау