Елімізде алкогольді ішімдіктерді жарнамалауға рұқсат етілмекші
Сыра мен шарап экрандарға қайта оралмақ. Жаңа жылдан бастап еліміздегі телеарналарда спирттік ішімдіктерді жарнамалауға рұқсат етілмекші. Бұл туралы КТК хабарлайды.
Бірақ, алкогольдердің бөтелкелері емес, тек логотипі көрсетіледі.
“Спирттік ішімдіктер туралы жарнама прайм-таймда көрсетілмейді. Түнгі 11-ден таңғы 5-ке дейінгі уақытқа қоямыз. Балаларға көрсетпейміз. Бұл телеарналар үшін қосымша қаржы көзі болады. Осылай отандық өнімді қолдамасақ, бәрібір шетелдік ішімдіктер алға шығып кетуде”, – деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.
Яғни, Үкімет қаржы дағдарысына байланысты спирттік ішімдіктерді жарнамалауға мәжбүр екен. Өйткені, қазір кәсіпкерлер телеарналарға жарнамаға жылына 36 миллиард теңгеге тапсырыс береді. Бұл қаржы теле-радиолардың шығынын толық жабуға жетпейді.
Жалпы, елімізде 12 жыл бұрын сыра, шарап пен темекі сынды денсаулыққа зиян өнімдерді көгілдір экрандарда насихаттауға тыйым салынған болатын. Және биыл шілдеден бастап Қазақстанда қайта тарнсляцияланатын шетелдік телеарналардың да сыраны насихаттауына шектеу қойылған-ды.
Оқи отырыңыз:
Ақмола облысында сұмдық апаттан көз жұмғандар көліктен шыға алмай қиналған
Шымкентте көлігімен адам қаққан жігіт лауазымды туысының атын жамылып қорқытқан
Жамбыл облысында жүк көлігінің жүргізушісі жарылған дөңгелегін ауыстыратын зат тапты (видео)
Ақтөбе облысында ер адам темекісін бермеген танысып ұрып өлтірді