Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елге белгілі азамат Алтынай Жорабаеваға қасиетті Құран кітабын сыйға тартты (видео)

Әнші Алтынай Жорабаеваға отбасылық достарының бірі қасиетті Құран Кәрім кітабын сыйға тартты, деп хабарлайды Stan.kz.

Screenshot_23

Әнші желідегі парақшасына бағалы сыйлықты тарту ету сәтінің видеосын жариялады.

Жорабаеваға құны жетпес бағалы сыйлықты сыйға тартқан «Өзенмұнайгаз» компаниясының бұрынғы директоры Киікбай Ешманов болып шықты.

Ешмановтың айтуынша, бұл кітапты кезінде оның өзі жоғары қызметтегі ағалардың бірінен сыйлыққа алған.

“Құран, әрине, бағаланбайды. Оның құны жоқ. Біздің отбасымыздың атынан сізге сыйлағым келеді. Алла Тағала сіздің жолыңызды ашсын. Түрлі бәледен, қауіп-қатерден, бүгінге дейін көрген қиындықтардың бәрін артта қалдырсын. Біл Алла сізге жар болсын. Сіздің мейірімді жүрегіңіз әппақ, керемет доссыз. Сол себепті сізді лайық деп санадық. Мұны мен бүгінге дейін ешкімге бермей келдім. 6 жыл бойы өз үйімде сақтадым, енді бұл сіздің үйіңізде тұрсын”, – деді Ешманов.

Өз кезегінде өзіне көрсетілген құрметке тәнті болған әнші алғыс білдірді.

Ал желі оқырмандары мұндай істі жария етудің бұрыс екенін ескертті. Көпшілік әншіні құттықтап жатты.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаеваның бұрынғы күйеуімен заңды түрде ажырасқаны белгілі болды

Желідегілер Луинаның ұятты жерінің көрініп қалғанын айтып масқаралады (фото)

Қорғаушы: Меруерт Түсіпбаева кешірім сұрамаса, 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Қытайлардың Димаш туралы түсірген қалжың видеосы әлемге тарап кетті (видео)

Талқылау