Елена Рыбакина жүлде қоры 200 мың долларды құрайтын турнирде топ жарды

Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өткен Eisenhower Cup турнирінде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елена америкалық теннисші Тейлор Фрицпен жұптасып, финалда Аманда Анисимова мен Лёрнер Тьенге қарсы кортқа шықты.
Шешуші кездесуде Рыбакина мен Фриц жұбы қарсыластарын 10:7 есебімен жеңіп, чемпион атанды. Айта кетейік, турнир 10 ұпайға дейінгі тай-брейк форматында өтті.
Аталған жарыстың жалпы жүлде қоры 200 000 АҚШ долларын құрайды.
Төрт бірдей қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің үздік ондығына енді
Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді жалғастырудан бас тартты
Еске салсақ, бұған дейін Рыбакина ақпан айында Дубайда өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің 1/8 финалында жарысты жалғастырудан бас тартқан. Матч барысында ол медициналық тайм-аут алып, өзін жайсыз сезінгенін мәлімдеген еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі