Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина табысы жоғары миллионер спортшылардың қатарына енді

теннисФото: WTA

Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина табысы жоғары он спортшының қатарына енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Sportico журналының мәліметіне сәйкес, Елена Рыбакина 15 әйел спортшының арасында 12,6 млн доллар табысымен тоғызыншы орынға жайғасқан.

Бірінші орынға екі дүркін "Үлкен дулыға" чемпионы және әлемнің 3-ші ракеткасы, американдық теннисші Корри Гауфф шықты. 2025 жылы ол 31 миллион доллар табыс тапты, оның 23 миллионы демеушілік келісімдерден түскен.

Екінші орынды төрт дүркін "Үлкен дулыға" жеңімпазы және әлемнің бірінші ракеткасы, беларусьтық Арина Сабаленка 30 миллион доллармен иеленді. Үздік үштікті алты дүркін "Үлкен дулыға" чемпионы және әлемнің екінші ракеткасы, полшалық Ига Свитек 23,1 миллион доллармен қорытындылап тұр.

Айта кетейік, Рыбакина жуырда Эр-Риядте өткен жылдың қорытынды турнирінде өз шеберлігін көрсетті. Ақтық сынында ол Арина Сабаленкамен айқын басымдықпен жеңді. Нәтижесінде ол 5,235 миллион доллар (шамамен 2,7 млрд теңге) сыйақы алды. Бұл әйелдер теннисінде бір турнир үшін берілген ең қомақты жүлде болып саналады. Бұл оның 2022 жылғы Уимблдондағы тарихи жеңісінен кейінгі екінші ірі титулы.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 05 Желтоқсан, 2025 16:32