Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Miami Open супертурнирінің жартылай финалына шықты

Елена Рыбакина Miami Open супертурнирінің жартылай финалына шықтыФото: Іnstagram.com/lenarybakina

Майами қаласында өткен WTA 1000 сериялы турнирдің жартылай финалына өткен Елена Рыбакина тағы да Арина Соболенкомен кездесуі ықтимал. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ширек финалда Елена Рыбакина америкалық теннисші Джессика Пегуланы (WTA рейтингінде 5-орын) жеңді. Матч 2:6, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.

Бірнеше сағаттан кейін ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко мен америкалық теннисші Хейли Баптист (WTA рейтингінде 45-орын) кездеседі. Бұл матчтың жеңімпазы жартылай финалда Елена Рыбакинамен ойнайды.



Miami Open турнирінде 2026 жылы жеке біріншілік бойынша жеңімпаз 1 151 380 долларға және 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Еске салайық, 24 наурыз күні Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина қарсыласы австралиялық Талия Гибсоды (68-ші рейтинг) жеңіп, Майами қаласында өткен WTA 1000 сериялы турнирдің 1/4 финалына шыққан еді.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 26 Наурыз, 2026 08:21