Елена Рыбакина Miami Open 2026 жартылай финалында Соболенкоға есе жіберді

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина қатарынан екінші рет әлемдік рейтингтің көшбасшысы, Беларусь өкілі Арина Соболенкодан жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жуырда Индиан-Уэллс турнирі финалындағы жеңілістен кейін қазақстандық теннисші Miami Open 2026 WTA-1000 санатындағы супертурнирдің жартылай финалында 4:6, 3:6 есебімен жеңілді.
Бірінші сет тартысты өтті. Бірақ 10-геймде Рыбакина қателіктер жіберіп, сеттен айырылды.
Ал Арина Соболенконың эйстері сәтті шықты. Бірінші сетте ол бес эйс орындаса, қарсыласы екі эйспен шектелді. Сондай-ақ бірінші (92:67) және екінші (55:30) берілістердегі ұпайларды ұту көрсеткіші де жоғары болды. Бірінші сетті небәрі 36 минутта аяқтады.
Екінші сетте Соболенко 4:0 есебімен алға шықты. Осы кезде Елена Рыбакина 40:0 есебімен алда тұрып, өз геймдерінің бірін жіберіп алды. Кейін ол қатарынан екі гейм ұтты, бірақ бұған дейінгідей сенімді ойын көрсете алмаы. Айта кетейік, ол ширек финалда Джессика Пегулаға қарсы ойында камбэк жасаған еді, алайда бұл матчта сол деңгейін көрсете алмады.
- Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалында Арина Соболенкаға есе жіберді
- Тарихи нәтиже: Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанды
1 сағат 18 минутқа созылған матчта әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко ойынды екінші матчболда аяқтады – 6:4, 6:3.
Ал финалда Соболенко өткен жылғы титулын қорғап, америкалық Кори Гауффпен кездеседі. Ол жартылай финалда чехиялық Каролина Мухованы 6:1, 6:1 есебімен оңай жеңді. Финалдағы жүлде қоры – 1 151 380 доллар.
Айта кетейік, Рыбакина Miami Open 2026 турнирінде қазақстандықтар арасында ең ұзақ өнер көрсетті. Бұған дейін Александр Шевченко, Александр Бублик, Юлия Путинцева және Анна Данилина жарыстан шығып қалған еді.
Бұған дейін Елена Рыбакина Miami Open супертурнирінің ширек финалына және жартылай финалына өткені туралы жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?