Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде төмен сырғыды

Қазақстанның үздік теннисшілері Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Уимблдон-2025 турнирінен кейін WTA рейтингінде бұрынғы орындарын жоғалтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бір кездері әлемнің үздік ондығына енген Рыбакина қазір WTA-ның жаңартылған ресми рейтингінде 13-орынға орналасқан. Турнир алдындағы позициясымен салыстырғанда ол екі саты төмендеді.
Юлия Путинцева да рейтингте өз орнын жоғалтты. Ресми дерекке сәйкес, ол live-рейтингі бойынша 43-орынға дейін төмендеп кеткен. Мұндай айырмашылықтар оның соңғы турнирлердегі нәтижесінің тұрақсыз екенін көрсетеді.
Айта кетейік, Елена Рыбакина Уимблдонның алғашқы кезеңінде сенімді жеңіске жеткенімен, кейінгі айналымда жарыстан шығып қалды. Ал Юлия Путинцева жарыстың ерте кезеңдерінде турнирмен қош айтысты.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

