Елена Рыбакина камбэк жасап, WTA қорытынды турнирінің финалына шықты
Фото:ҰОК
Қазақстанның нөмер бірінші, әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан турнирде керемет камбэк жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандасымыз жартылай финалда әлемдік рейтингте 5-орындағы америкалық Джессика Пегуламен ақтық бәсекеге жолдаманы сарапқа салды.
Үш сетке созылған тартыста 4:6, 6:4, 6:3 есебімен Рыбакина жеңіске жетті.
Елена енді финалда Беларусь елінің өкілі Арина Соболенко мен америкалық Аманда Анисимова арасындағы матчтың жеңімпазымен өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, айтулы турнирдің жүлде қоры рекордтық $15,5 миллионды құрайды. Жартылай финалға шыққан спортшы $1,29 млн, ал чемпион атанған теннисші $2,54 млн алады. Турнир жеңімпазының жалпы табысы $5,235 млн-ға жетеді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

