Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді жалғастырудан бас тартты

Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде 1/8 финалында жарыста жалғастырудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол хорватиялық Антония Ружичке қарсы матч өткізіп, айқын басымдықпен жеңіп жатқан.
Алайда Елена Рыбакина жарыс барысында медициналық тайм-аут алды. Содан кейін ол өзін жайсыз сезінгенін айтып шағымданды. Елена жүрегі айнып, басының ауырлfғанын өзін әлсіз сезінгенін айтып шағымданды.
Ол сол себепті әріқарай матчты жалғастырудан бас тартты. Нәтижесінде хорватиялық теннисші келесі кезеңге жолдама алды.
Ал Tennis.com ақпаратына сәйкес Елена Рыбакинаның матчтан бас тартуының себебін “асқазан-ішек жолдарының ауруы” ресми себеп ретінде көрсеткен.
Елена Рыбакина бұған дейін Дохада өткен WTA 1000 санатындағы турнирді ширек финалда жарыс жолынан шығып қалған еді.
Айта кетейік, Рыбакина бұған дейін Australian Open турнирінде топ жарып, әлемнің үшінші ракеткасы атанған еді. Сонымен қатар сол жарыста әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы ойсырата жеңді.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады