Елена Рыбакина Дохадағы жүлде қоры 4 миллион долларлық турнирді сәтті бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохада (Катар) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирді сәтті бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Рыбакина жарысқа екінші айналымнан бастады. Ол бұл кезеңде Қытай елінің өкілі Ван Синьюге (WTA №33) қарсы ойнап, 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Енді Елена 1/8 финалда Алисия Паркс пен Циньвэнь Чжэн арасындағы жеңімпазбен кездесіп, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.
2025 жылы Дохадағы турнирде Рыбакина ширек финалға дейін жетіп, сол кезде әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекке (Польша) 2:6, 5:7 есебімен жол берген еді.
Айта кетейік, биылғы турнирдің жалпы жүлде қоры – 4 088 211 доллар. Жарыс жеңімпазы 665 мың доллар сыйақы мен 1000 рейтинг ұпайын иеленеді. Турнирдің қазіргі чемпионы – АҚШ өкілі Аманда Анисимова (WTA №4).
Айта кету керек, бұл турнирде әлемдік рейтингте Топ-10-ға кіретін теннисшілер арасында Аманда Анисимова, Коко Гауфф, Жасмин Паолини және Екатерина Александрова жарысты ерте аяқтаса, Арина Соболенко мен Джессика Пегула қатыспады.