Елена Рыбакина 2023 жылдың алғашқы турнирінде жеңіліп қалды
4 қаңтарда Елена Рыбакина Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Рыбакина украиналық Марта Костюкпен кездесті. Қазақстандық спортшы алғашқы сетті 7:6 (7:5) есебімен жеңді. Алайда кейінгі екі сетте 2:3, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Елена Рыбакина WTA рейтингінде 21-орында, ал Марта Костюк 69-орында тұр.
race" rel="nofollow">
Айта кетейік, бұл турнир Рыбакина үшін 2023 жылдың алғашқы жарысы болды. Бұған дейін ол алғашқы айналымда әлемнің 14-ракеткасы Даниэль Коллинзті жеңген.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды
