Елдос Сметов жоқ: Ғұсман Қырғызбаев пен Абиба Әбужақынова бастағын дзюдошылар Гран-при додасына қатысады

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 6-8 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында өтетін Гран-при кезеңіне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы да бақ сынайды. Төменде ұлттық құраманың алдын ала тізімі берілген.
Ерлер
60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов
66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов
81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат
90 келіге дейін: Айдар Арапов, Нұржан Бейсенов,
100 келіге дейін: Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан
100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев
Әйелдер
48 келіге дейін: Әбиба Әбужақынова, Диана Бүркеева
52 келіге дейін: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова
57 келіге дейін: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет
63 келіге дейін: Самалай Ерғалиева, Ханзада Қайратова
70 келіге дейін: Кристина Сотникова, Ажар Асхат
78 келіге дейін: Шынар Абатова, Назерке Тілеуханова
78 келіден жоғары: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова
Аталмыш тізімге алдағы уақытта тағы да өзгеріс енуі мүмкін.
Айта кетейік, 2025 жылы Аустрияда өткен Grand Prix жарысында қыздар арасынан Абиба Әбужақынова топ жарып, ел қоржынына жалғыз алтын жүлдені сыйлаған.
Алтынбек Сәрсенбаевтың көз жұмғанына 20 жыл: Оппозиционердің өлімі туралы не белгілі