"Елдігімізге сын болды": Сәкен Майғазиев қастандыққа тап болған Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қолдау білдірді
Фото: https://www.instagram.com/saken_maigaziyev/
ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Сәкен Майғазиев жұмысының алдында қарулы шабуылға тап болған Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қолдау білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, оқиға шамамен сағат 20:30-да әкімдік ғимаратының маңында болған. Шабуыл кезінде әкімнің орынбасары жамбас және иық тұсынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Күдікті ұсталды.
“Саясат сахнасында, мәжіліс мінберінде маңызды мәселелерді көтеріп, халық үшін қам жеген асыл азаматқа қастандық қылғаны елдігімізге сын болды. Сіз бен біздің ұрпағымыз лудоманиямен уланбасын деп, тіпті Русланға қару кезегендердің ұрпақтары үшін уайымдаған адамға оқ атылуы жанға батады. "Елдің қамын ойлайтын бір ұл туса, оны қабатын екі ит қоса туады" дегенді қазақ қалай дөп басып айтқан?! Ел үшін туған ер Руслан Арысбекұлына Алла тағала жеңілдік берсін. Ел игілігі үшін, әулетінің бағына аман болсын”, – деп жазды әнші.
-
Қылмыстық сана да, жемқорлық та кеңес дәуірінен жалғасып келе жатыр – Мәжіліс депутаты
-
Шымкент әкімінің жаңа орынбасары Руслан Берденов қалада жемқорлық жоқ екенін айтты
Еске салайық, Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиенбай туралы деректер пайда болды. Онда Жиенбай Берденовты өзін қызметінен босатпақ болғаны үшін кек алу мақсатында атқаны айтылған еді.

"Құжатта бәрі тап-тұйнақтай": Алматылық жігіт жұмыс берушіден өзінің айлығын бірнеше айдан бері ала алмай жүргенін айтып шағымданды
