"Елде жоқ атты қойыпсың": Екі жасқа бата берген әже көпшілікті күлдірді
Фото: Видеодан скриншот
Желіде екі жасқа бата берген әженің әзілі көпшілікті күлдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бейтаныс әжей құдағиымен қалжыңдасып, баласының атын сұрады.
“– Балаңның аты кім еді, құдағи?!
– Фарук…
– Елде жоқ атты қойыпсың. Суда жүзген қос аққудай болыңдар! Осы бақыттың бәрін тілеймін. Ішім толып қалған ғой. Бәрі шығып жатыр”, – деп бата берді әже.
-
Қазақстандық өрт сөндіруші Жан-Клод Ван Даммның шпагатын қайталады
-
"Ойнайтын алаң жасап беріңізші": Маңғыстауда әкімге өтініш айтқан бала желі жұлдызына айналды
Желі қолданушылары әженің тілегіне қосылып, әзілін жылы қабылдап жатыр.
“Фарук деген өзбектің аты емес пе?!”, “Қарияның тілегі қабыл болсын!”, “Прикол ұстайтын әже екен”, “Суда жүзіңдер дегенде Алакөлге шомылуға кетіп бара жатыр екен деп ойладық”, “Жігіт психологиялық соққы алды-ау”, “Бұл әже дүниеден өтіп кетті”, “Жігітті бұлай ешкім қорламаған шығар” – деп жазды көпшілік.
@ayakoznagieva Әжем❤️ #мәңгіліксағынышым💔 ♬ оригинальный звук - Ayakoz

Жапониядағы қазақ дәстүрі: Сырға салудың видеосы желідегілерді таңқалдырды
