Елде президент мерзімінен бұрын қызметінен кетсе, оның өкілеттігі вице-президентке берілмек

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында президент өкілеттігін өткізу мәселесі талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір Конституциядағы 48-бапқа сәйкес, егер Президент мерзімінен бұрын қызметінде босатылса, оның қалған мерзімге өкілеттіктері Сенат төрағасына өтеді. Егер Сенат төрағасы өзіне бұл өкілеттіктерді қабылдай алмаса, олар билік вертикалімен әрі қарай Мәжіліс төрағасына және Премьер-Министрге беріледі.
“Енді Президенттің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылса, оларды бірінші кезекте Вице-Президентке беруді бекіту ұсынылып отыр. Егер Вице-Президент бұл өкілеттіктерді ала алмаса, олар Құрылтай төрағасына берілуі тиіс. Ал егер Құрылтай төрағасы да қабылдай алмаса, өкілеттіктер Премьер-министрге беріледі”, – деді Е. Жиенбаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында.
Сонымен бірге, спикер жаңа Конституцияда егер Президенттің өкілеттігі 48-бапта көрсетілген жағдайлар бойынша мерзімінен бұрын тоқтаса, екі ай ішінде Президент сайлауын өткізу туралы Президент бастамасын бекітуді ұсынды.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы