Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасыға латын әліпбиінің жаңа нұсқасы таныстырылды

Бүгін мемлекет басшысы Ақордаға жұмыс тобының мүшелерін шақырып, есебін тыңдаған болатын.

Елбасы ел болып латын әліпбиін талқылау кезінде, барлық ұсыныстың ескерілгенін айтты. Оның үстіне президент әкімшілігіне 300-ден астам ұсыныс түскен екен. Бүгін алғашқылардың бірі болып мемлекет басшысы әзірленген әліпбидің жаңа нұсқасына алдымен өзі баға берді.

“Көпшіліктің пікірімен санасып, қортынды жасағандарыңыз дұрыс болды. Латын графикасына әбден қалыптасқан екі диаграф қана бар. Қалған қазақтың төл дыбыстарының бәрі апостолмен береміз.Соған тоқтаймыз. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Осы ұстаным бізді алға жетелейді”, – деді елбасы.

Тағы да оқыңыз:

Алмазбек Атамбаев Назарбаев қатысатын саммитке барудан бас тартты

Досым Сәтпаев: Атамбаев Қазақстанға тиісу арқылы өз елінде «қыран» болып көрінгісі келетін «ақсақ үйрек»

Бақытжан Сағынтаев Атамбаевтың сөзіне байланысты мәлімдеме жасады

Талқылау