Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы «Қазақстанның 100 жаңа есімі»  жобасының жеңімпазына басшылық қызмет ұсынды

Елбасы «Қазақстанның 100 жаңа есімі»  жобасының жеңімпазы, жас ғалым Зарина Сауытбаеваның дарындылығын жоғары бағалады.

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Нұрсұлтан Назарбаев жас ғалым Зарина Сауытбаеваның Астанадағы онкологиялық орталықты басқаруға шамасы жететінін айтты, деп жазады BNews.kz.

«Қазір әлем халқы қатерлі дертті зерттеуде. Мен үнемі медицинан бақылап жүрем. Сарапшылар 2040 жылы қатерлі дерттен айықтыратын ем шығатынын айтады. Қазақстанды мұны қолға алуға барлық мүмкіндік бар. Қазір менің бұйрығыммен ғылыми онкологиялық орталық құрылып жатыр. Сен соған жетекші болуға дайын мамансың», – деді елбасы.

Назарбаев унверситетінің мұғалімі Зарина Сауытбекова елбасыға өзінің ғылымағы жетістіктері жайлы айтты.

«Зерттеу тобымыз қатерлі дертті тудыратын ақуыздарды зерттедік. Бұл менің дипломдық жұмысымның тақырыбы. Қостанайда жазғы демалыс кезінде онкологиялық диспансерде тәжірибеден өттім. Мұның бәрі оңай болған жоқ. Бірақ дәл қазір ештеңе жасай алмағанымен, уақыт өте келе нәтиже шығатынын білем», – дейді жас ғалым.

Айтуынша, ол Қазақстанға келгелі халықаралық ұйымның мүшесі болған. сонымен қатар Гарвардтағы медициналық мектептің стипендиясын ұтып алған.

Тағы да оқыңыз:

Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр

Бекболат Тілеухан: Бізде өнер элиталық және “массовый” болып екіге бөлінеді

Мұхамедиұлы жалақы мәселесіне қатысты: Аш жүретін шығармашылық адамдар ғаламат туындыларды дүниеге әкеледі

Талқылау