Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы: Досаев нағыз джентльменше әрекет етті

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында жаңадан екі вице-премьерді не үшін тағайындағанын түсіндірді.

7bf65904c9ed645801e43c23e1f15a00-small

Мемлекет басшысының айтуынша, Асқар Жұмағалиев жаңа қызмет орнында Қазақстанды цифрландыру төңірегіндегі жұмыстармен айналысады, деп хабарлайды Baq.kz.

«Жаңғыру жылдар емес, минут сайын жүреді. Қазақстан барлық бағыттарды қамтып үлгеруі қажет. Үкіметтің позициясын нығайту үшін екі жаңа орынбасар тағайындалды. Біз көшуіміз тиіс «Цифрлы Қазақстан» өте үлкен маңызға ие. Барлық елдер мұнымен айналысып жатыр. Мұнымен біздің алдымызда есеп бере алатын нақты адам жұмыс істеуі тиіс. Үкімет атынан бұл позицияға Асқар Жұмағалиевті тағайындадым. Ол IT-технология маманы және мен тағайындаған қызметінде де жап-жақсы менеджер екенін көрсетті», – деді Назарбаев.

Сонымен бірге, Назарбаев Жұмағалиевтің әрбір министрлік пен мекемеде өзінің өкілдері болатынын, цифрландыру ең алдымен ұлттық компанияларға, өнеркәсіп пен үкіметке қажет екенін атап өтті.

«Экономиканың макроэкономикалық бөлігін нығайту Ерболат Досаевқа жүктеледі. Бұл адам сіздерге бұрыннан таныс. (Но были случаи, он как настоящий мужчина, джентльмен (поступил). Сонда ол өкілеттілігінен босады, бірақ бұл оның кінәсі емес. Оның тәжірбиесі, білімі мен практикалық жұмысы еліміздің экономика, қаржы, макроэкономика саласын және де біздегі бюджеттің жартысы жұмсалатын әлеуметтік блокты менеджер ретінде өз қолына алады деп үміттенемін. Бұл орынды деп ойлаймын», – деп мәлімдеді президент.

Еске сала кетсек, Ерболат Досаев 2013 жылы Ұлттық экономика министрі кызметінен кетуге өзі сұранған болатын. Сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев Ерболат Досаевтың Жер кодексіндегі түзетулерге байланысты жұмысын сынаған еді.

Тағы да оқыңыз:

Әсет Исекешевтің қазақшасын жұрт Сайлаубектің рэпіне теңеді (видео)

Бас прокурор Абу-Даби Плазадағы төбелеске қатысты: екі қылмыстық іс қозғалды

Ит әкеден қорқады, әкесі анасынан қорқады: Ата-аналар жаңа оқулықтың мазмұнына наразы

 

Талқылау